Түркістан облысы Бәйдібек ауданы ішкі саясат бөлімі жастар ресурстық орталығымен облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының мамандары бірлесе отырып ЖИТС тен қайтыс болғандарды еске алу күніне орай іс-шаралар өткізді.
Атап айтқанда аудан көлемінде мектептен кейінгі білім беру мекемелерінде болып, АИТВ инфекциясының алдын алу және одан сақтану шаралары тақырыбында баяндама жасап, жастардың ол инфекция жайлы ақпаратты білуге қызығушылығын арттырды.
Өз кезегінде орталық педагогы М.Кенжегулов түсіндірме жұмыстарында түрлі әдістерді қолдана отырып, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға сауытты жауап берді.