
Семинар аясында, Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс бас наркологі Абенов Қабылет Бақтыбайұлы, Түркістан жоғары медицина колледжінің жастар ұйымының төрағасы Алтай Рамазан Пернетайұлы, Түркістан облысы Жастар ресурстық орталығының психологы Өміртаева Жансая Ержанқызы, Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының» маманы Есалиев Еркін Сұлтанбайұлы, «Шаңырақ» жастар мен жас отбасыларды қолдау қоғамдық бірлестігінің төрайымы Байзахова Сабира Мұратқызы сөз сөйледі.

Шара барысында тақырыптық роликтер көрстетіліп, жиын барысында «Мұрагер» Республикалық қоғамдық қорының мүшелері өз ойларымен бөлісіп, Жас ұрпақтыы салауатты өмір салтын қалыптастырудағы ой өрісін дамыту, зиянды әдеттерге еліктеудің, қызығудың өмірлеріне қауіп тудыратының ескертті.
Семинарға ҮЕҰ –дар, Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының» мамандары, БАҚ өкілдері, студент жастар қатысты.