Түркістан облысы АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының мамандары қаламыздағы Президент саябағында болып, қала тұрғындары мен қонақтары арасында АИТВ инфекциясының алдын алуға бағытталған түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
🔰Іс-шара барысында мамандар әсіресе жастарға АИТВ инфекциясының берілу жолдары, одан қорғану тәсілдері және салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығы туралы ақпарат берді.
❗Сонымен қатар, АИТВ инфекциясын ерте анықтаудың маңыздылығы түсіндіріліп, азаматтарға уақытылы тексеруден өтуге кеңес берілді. Мамандар тұрғындардың көкейіндегі сұрақтарына жауап беріп, инфекцияға қатысты дұрыс әрі нақты ақпаратпен бөлісті.
✅Мұндай профилактикалық шаралардың басты мақсаты – тұрғындардың АИТВ инфекциясы туралы білімін арттыру, жауапты мінез-құлықты қалыптастыру және инфекцияның алдын алу мәдениетін нығайту.
АИТВ-ның алдын алу – әр адамның өз денсаулығына деген жауапкершілігінен басталады!