«Отбасы – бізден басталады» атты отбасы апталығының ашылуына орай Түркістан облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының мамандары Жарылқапов атындағы стадионда ұйымдастырылған отбасылық командалар арасындағы футбол жарысының ашылу салтанатына қатысты.
❗Іс-шара барысында жастар мен отбасы мүшелеріне «Үлкендердің батасы» – ұрпақтар сабақтастығы мен ұлттық отбасылық құндылықтардың символы екені түсіндірілді. Сонымен қатар қатысушылар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, отбасы бірлігін нығайту және АИТВ-инфекциясының алдын алу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
🔰Орталық мамандарының шараны өткізудегі мақсаты – отбасы құндылықтарын дәріптеу, ұрпақтар сабақтастығын нығайту, жастарды салауатты өмір салтына баулу және АИТВ-инфекциясының алдын алу мәселелері бойынша ақпараттандыру.