Түркістан облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығы және Сауран аудандық»Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Сауран ауданы, Қарашық ауылдық округі «Құмтиын» жалпы білім беретін мектебінде «Жасөспірім құқығы және зиянды әдеттер» тақырыбында мектеп оқушыларымен кездесу өткізілді.

Шараға Түркістан облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының мамандары М.Кенжегулов және А.Адамбек, Сауран аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің бөлім басшысы А.Сарсенбаев, аудандық емхананың психолог маманы А.Мусабекова, аудандық әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының психолог маманы С.Раметова және ауыл жастары қатысты.

Кездесудің басты мақсаты-жастар мен жасөспірімдер арасында өзекті мәселелердің алдын-алу. Олардың ішінд е қазір тарап жатқан АИТВ инфекциясының алдын алу мәселесі де кіріп отыр.

Осы орайда орталық мамандары АИТВ инфекциясының алдын алу және одан сақтану шаралары жайлы ақпарат айтып, қатысушыларды қызықтырған сауалдарға жауап берді. Сонымен қатар қатысушыларға замануи әдіспен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, жадынамалық парақшалар таратылды.