Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасының 15.01.2025ж №22н/қ бұйрығына сәйкес Түркістан қалалық балалар ауруханасы мен ЖШС Талғат емханасының медицина қызметкерлеріне АИТВ инфекциясы бойынша оқу әдістемелік көмек көрсетіліп, семинар өткізілді.
Семинар барысында АИТВ инфекциясы бойынша қолданыстағы бұйрықтар таныстырылып, нормативтік талапқа сәйкес жұмыс жүргізу ұсынылды.