Түркістан қалалық білім бөліміне қарасты М.Жұмабаев атындағы №15 мектеп-гимназиясы мен Ататүрік атындағы №17 мектеп-гимназиясының жоғары сынып оқушылары арасында семинар жұмыстары жүргізілді.
Шара барысында АИТВ инфекциясының алдын алу және одан сақтану шаралары тақырыбында баяндама жасалып, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді. Өз кезегінде қатысушыларға жадынамалық парақшалар таратылып, мамандар бұндай профилакалық шаралар алдағы уақытта да жалғасын табатынын жеткізді.