Облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының мамандары университет жастарымен семинар жұмыстарын жүргізді. АИТВ инфекциясының алдын алу және одан сақтану шаралары тақырыбында жүргізілген бұл шара студент жастардың медициналық білімін жетілдіруге бағытталды.
Аталған инфекцияның пайда болуы мен таралуы жайлы ақпарат алған жастар дәрігер мамандарға өздерінің көкейлерінде жүрген сауалдарын қойып, жауаптар алды.