Түркістан қаласы білім бөліміне қарасты “М.Шоқай атындағы №24 жалпы білім беретін мектеп және №19 Төлеби атындағы жалпы орта мектебінің жоғары сынып оқушылары арасында семинар жұмыстары жүргізілді.
Облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының мамандары ұйымдастырған бұл шарада АИТВ инфекциясының алдын алу және одан сақтану шаралары тақырыбында баяндама жасалып, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.



