Түркістан облысы Сарыағаш аудандық білім бөліміне қарасты Ж.Аймауытов және С.Қожанов атындағы жалпы орта мектептерінде жоғары сынып оқушылары арасында семинар жұмыстары жүргізілді. Шараға мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, психологтар мен мектеп мұғалімдері, медбикесі мен оқушылар қатысты.
АИТВ инфекциясының алдын алу және одан сақтану әдістері тақырыбында жүргізілген бұл шарада жастармен ашық пікір алмасу жүргізіліп, аталған инфекция жайлы толыққанды ақпарат берілді.