Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі ҚР ДСМ «Қазақ Дерматология және жұқпалы аурулар ғылыми орталығы» ШЖҚ РМК, «СК-Фармация» ЖШС-мен бірлесіп, Түркістан облысының ошағындағы пациенттермен түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін кездесу өтті. Шарада сөз алған облыстық АИТВ орталығының басшысы Бақытжан Заманханұлы «Министрліктің дәрі-дәрмек саясаты департаментінің директоры Ж. Қ. Әділханның төрағалығымен өткен жиналыстың хаттамалық тапсырмасында көрсетілген 2-тармағын орындау үшін және GlaxoSmithKline өндірген Долутегравир препаратын сатып алмауымызға байланысты 2025 жылдың 25 ақпанында Түркістан облысы бойынша ем қабылдап жатқан балалардың ата-аналарымен және пациенттермен кездесуді ұйымдастырып отырмыз», — деп өз ойын ортаға салды.

«СК-Фармация «ЖШС талдау жұмысы бөлімінің бастығы Мүбараков Асхат Құралысұлы,
«СК-Фармация» ЖШС жеткізушілерді мониторингілеу және қолдау бөлімінің бастығы Аспандиярова Гаухар Серікқызы,облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Сатыбалды Бауыржан Нұрланұлы және сала мамандары қатысты.

Бұл бағыт бойынша ВТЭК мамандары мен облысытық денсаулық сақтау басқармасына қарасты емханалардың бас дәрігерлері «зум» арқылы қатысып, өз пікірлерін білдірді.



