Түркістан облысы АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының мамандары халық арасындағы профилактикалық жұмыстарды үздіксіз жүргізуде. «TOO GRAND MIKS» жиһаз шеберханасы мен «Әлем Транс Жол» қызметкерлері арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Шарада АИТВ инфекциясының алдын алу және одан сақтану шаралары жайлы ақпарат беріліп, жадынамалық парақшалар таратылды. Қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.