Сауран ауданы білім бөліміне қарасты Төле би және /4 жалпы білім беретін мектептерде семинар жұмыстары жүргізілді. Шараға жоғары сынып оқушылары, мектеп психологы мен медбикелері қатысты.
♻️Шара барысында АИТВ инфекциясының алдын алу және одан сақтану шаралары жайлы ақпарат беріліп, жадынамалық парақшалар таратылды. Өз кезегінде орталықтың педагог маманы М.Кенжегулов жастарды жаман әдеттен аулақ болуға шақырды.