Түркістан қаласында орналасқан 99210 әскери бөлімінің жеке құрамы арасында семинар жұмыстары жүргізілді. Облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының мамандары ұйымдастырған бұл шарада АИТВ инфекциясы бойынша ақпарат беріліп, оның пайда болуы мен таралуының алдын алу шаралары түсіндірілді.
Сонымен қатар қатысушыларға өз мәртебесін анықтауына мүмкіндік беріліп, экспресс тест жүргізіліп, жадынамалық парақшалар таратылды.



