Қазығұрт ауданы білім бөліміне қарасты “О.Жандосов” атындағы жалпы білім беретін мектептің жоғары сынып оқушылары арасында семинар жұмыстары жүргізілді. Аталған шара жастарды салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша өтті.
❗Шарада АИТВ инфекциясының алдын алу және одан сақтану жайлы ақпарат беріліп, жадынамалық парақшалар таратылды.