Түркістан жоғары көпсалалы қол өнер колледжі мен Саулық жастар денсаулық орталығы бірлесіп студенттер арасында семинар жұмыстарын жүргізді. Шара барысында жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша ақпарат беріліп, АИТВ инфекциясының алдын алу және одан сақтану шаралары жайлы баяндама жасалды.
💫Өз кезегінде мамандар қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, жадынамалық парақшалар таратты. Сонымен қатар слаидты көрсетілім арқылы түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, сауалнама өткізді.