Қазығұрт аудандық полиция бөлімі қызметкерлері арасында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Аталған шараны орталықтың эпидемиолог дәрігерлері ұйымдастырып, тәртіп сақшыларына ақпарат беру мақсатында өткізді. Шарада АИТВ инфекциясының алдын алу және одан сақтану шаралары жайлы баяндалып, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.
Сонымен қатар аталған инфекция бойынша өмірде кездесетін жағдайларда заң жүзінде қандай шаралар қолданылуы керек екендігі де айтылып, ұсыныстар білдірді.


