Түркістан облысы АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының мамандары қаламызда орналасқан Дарын колледжінің студенттеріне семинар жұмыстарын жүргізді. Шара барысында АИТВ инфекциясының алдын алу және одан сақтану шаралары жайлы баяндама жасалып, салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша ақпарат берілді.


