Түркістан көпсалалы индустриалды-техникалық колледжінің жастарымен түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Саулық жастар денсаулық орталығымен бірлесіп өткізілген бұл шарада АИТВ орталығының мамандары аталған инфекция жайлы толыққанды ақпарат берді.
✅Өз кезегінде мамандар инфекциясының алдын алу және одан сақтану шаралары тақырыбында баяндама жасап, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді. Жиын соңында жадынамалық парақшалар таратылды.