Түркістан облысы Ордабасы ауданы Төрткөл ауылында орналасқан «Қарашаш ана» базары қызметкерлері мен тұтынушылар арасында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. ЖИТС тен қайтыс болғандарды еске алу күніне орай өткізілген бұл шарада АИТВ инфекциясының алдын алу және одан сақтану шаралары жайлы ақпарат берілді.
🔻Орталық мамандары тұрғындар арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, аталған инфекцияның пайда болуы мен таралуының алдын алу шараларын айтты. Өз кезегінде мамандар қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, жадынамалық парақшалар таратты.