Түркістан облысы статистика департаменті Облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының мамандары түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Аталған шарада АИТВ инфекциясының алдын алу және одан сақтану шаралары жайлы ақпарат берілді.
Өз кезегінде мамандар қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, жадынамалық парақшалар таратты. Сонымен қатар қатысушыларға өз мәртебесін анықтау үшін орталықтың тегін медициналық қызметіне жүгінуге шақырды.