Сайрам ауданында түсіндіре жұмыстары кеңінен жүргізілді. Атап айтқанда облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының мамандары Халыққа қызмет көрсету орталығында және Е.Сарманов атындағы агро гуманитарлық колледжде болды. Олар түсіндірме жұмыстарына қатысушылар арасында аталған инфекция бойынша толыққанды ақпарат бере отырып, жадынамалық парақшалар таратты.
🔰Өз кезегінде мамандар аталған инфекция бойынша статусын анықтау үшін тұрғындарды орталықтың тегін медициналық қызметіне жүгінуге шақырды.