Түркістан облысы АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының мамандары Түлкібас агро колледжі мен Майлыкент жалпы білім беру мекемесінде семинар жұмыстарын жүргізді. Аталған шарада АИТВ инфекциясының алдын алу және одан сақтану шаралары жайлы баяндама жасалып, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.
✅Шарада слаидты көрсетілім арқылы берілген ақпараттар бойынша жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында жан-жақты пікір айтылды. Сонымен қатар бұл шараның жастарға берер тәрбиелік мәні айтылды.