Түркістан облысында жастар арасында АИТВ инфекциясының алдын алу бойынша үш айлық акция басталды. 1 желтоқсан — Дүниежүзілік СПИД-пен күрес күні.
Осыған орай облыс көлемінде үш ай ішінде форумдар, интерактивті кездесулер, тақырыптық дөңгелек үстелдер, студенттер арасында спорттық турнирлер, шығармашылық конкурстар, сурет көрмелері, концерттік бағдарламалар және салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған шаралар жоспарланған.
Акция аясында Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Облыстық жастар ресурстық орталығы» мамандарымен «Түркістан Ахмет Ясауи кәсіптік колледжі» студенттері арасында АИТВ- инфекциясының алдын алу, жастар денсаулығын сақтау бағытында еркін форматта бірлескен танымдық семинар өтті.