Созақ ауданы білім бөліміне қарасты Ы. Алтынсарин және А. Сүлейменов атындағы жалпы білім беретін мектептерде семинар жұмыстары жүргізілді. Облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының мамандары ұйымдастырған бұл шараға мектептің педагог және дәрігер мамандары мен жоғары сынып оқушылары қатысты.
