10 қарашада Түркістанда «АИТВ-ға қарсы күрестегі қиындықтардан – тиімді өзгерістерге» — ұранымен айлық науқан басталды. ЖИТС-пен күрес күніне арналған ақпараттық науқан 10 қарашадан 10 желтоқсанға дейін жалғасады. Дәстүрлі түрде бұл күн жыл сайын 1 желтоқсанда атап өтіледі.
🔰Науқанның негізгі мақсаты – АИТВ-инфекциясы мен жыныстық жолмен берілетін аурулардың алдын алу мәдениетін қалыптастыру, халықтың ақпараттану деңгейін арттыру, денсаулыққа деген жауапкершілік пен қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын нығайту болып табылады.
✅Осы орайда Кентау қаласы білім бөліміне қарасты Әл Фараби атындағы мектеп-лицейінде жоғары сынып оқушылары арасында семинар жұмыстары жүргізілді. Шара барысында мамандар АИТВ инфекциясының алдын алу жайлы ақпарат беріп, жадынамалық парақшалар таратты.