Төле би ауданы жастар ресурстық орталығы мамандарымен бірлесіп Түркістан көпсалалы техникалық колледжінің студент жастары арасында «АИТВ инфекциясының және Жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың алдын алу» тақырыбында семинар болып өтті.
Шараның мақсаты — жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру және АИТВ инфекциясының алдын алу. Өз кезегінде орталықтың эпидемиолог мамандары аталған инфекция бойынша толыққанды ақпарат беріп, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.