Облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының мамандары Төле би ауданы жастар ресурстық орталығымен бірлесе отырып аудан жастарына ЖИТС тен қайтыс болғандарды еске алу күніне орай дәріс өтті.
Шарада мамыр айының үшінші жексенбісінде ЖИТС тен қайтыс болғандарды еске алу күні екендігін атап өтіп, ол кезде Дүниежүзі бойынша адамдар қызыл лента тағу арқылы осы күннің маңыздылығын білдіретін болған деп түсіндірді.
Сонымен қатар мамандар стигма, дискриминация жайлы кеңінен түсіндіріп, жадынамалық парақшалар таратты.