Түркістан облысы Денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама талаптарын сақтау мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру және оқыту жұмыстары жүргізілді.
Іс-шара тоқсан сайынғы түсіндіру және оқыту іс-шараларының жоспарына сәйкес ұйымдастырылды.
Кездесу барысында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметі» тақырыбы және Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 16-бабы бойынша түсіндірме берілді.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2023 жылғы 31 наурыздағы №112 бұйрығымен бекітілген «Квазимемлекеттік сектор субъектілеріндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтер туралы үлгілік ереже» талаптары таныстырылды.
Іс-шара барысында қызметкерлерге сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, заңнама талаптарын сақтау және қызметтік міндеттерін адал орындау жөнінде тиісті түсіндірмелер берілді.
Өткізілген іс-шара қорытындысы бойынша тиісті хаттама толтырылды