Түлкібас ауданы білім бөліміне қарасты М.Ломоносов атындағы мектеп-гимназиясы мен Майлыкент жалпы білім беретін мектебінде АИТВ инфекциясының алдын алу және одан сақтану шаралары бойынша семинар жұмыстары жүргізілді.
Облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының мамандары ұйымдастырған шараға жоғары сынып оқушылары мен мектептің медбикесі, психолог мамандары, тәрбие завучтары қатысты.
Шарада аталған инфекция бойынша толыққанды ақпарат беріліп, жадынамалық парақшалар таратылды