Достастық кабинетінің қызметі (ДК)
Достық кабинеті халықтың осал топтарына жыныстық жолмен берілетін инфекцияларды (ЖЖБИ) тегін және анонимді түрде (инъекциялық есірткі қолданушыларды, секс-қызметкерлерді, еркектермен жыныстық қатынасқа түскен еркектерді) емдеуді қамтамасыз етеді. Келушілерге АИТВ-инфекциясы, ЖЖБИ, АИТВ-ны жұқтыру қаупін азайтатын мінез-құлқын, контрацепция әдісін, АИТВ-ға тестілеу, қатынаста болған тұлғалар туралы құпия ақпарат беріледі. Келушілерді презервативтер мен ақпараттық материалдармен қамтамасыз етеді. АИТВ/ЖИТС бойынша тестке дейін және тесттен кейін психоәлеуметтік кеңес беріледі. Қажет болған жағдайда дерматовенерологиялық және басқа да мамандандырылған медициналық ұйымдарға, білікті медициналық көмекке жолдама беріледі.