Түркістан облысы білім басқармасы қызметкерлері арасында ЖИТС тің алдын алу және онымен күресу орталығының мамандары семинар жұмыстарын жүргізді.
Шара барысында қатысушылардың өз мүмкіндіктерін анықтау мақсатында экспресс тест жасалып, оларға нақты ақпарат берілді.
Атап айтсақ АИТВ инфекциясының пайда болуы мен одан сақтану шаралары жайлы және стигма, дискриминация тақырыптарында баяндама жасалды.