Түркістан облысы Денсаулық сақтау басқармасының Облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес кезекті тоқсан сайынғы түсіндіру іс-шарасы өткізілді.
Жиынды мекеме басшысының орынбасары С. Сагитова жүргізді. Іс-шараға мекеме қызметкерлері мен әкімшілік жұмыскерлері қатысты.
🔸Жиын барысында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, қызметтік әдеп нормаларын сақтау, заң талаптарын мүлтіксіз орындау және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жол бермеу мәселелеріне назар аударылды.
Сонымен қатар, қызметкерлер арасында құқықтық сауаттылықты арттыру, адалдық пен ашықтық қағидаттарын қалыптастыру бағытында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.