Сауран ауданы білім бөліміне қарасты Ы. Алтынсарин және «Сауран» жалпы білім беретін мектептерінде жоғары сынып оқушылары арасында семинар жұмыстары жүргізілді. Шараға аталған мектептің оқу және тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен психолог мамандарды және медбикелер мен жоғары сынып оқушылары қатысты.
❗Шарада аталған инфекцияның алдын алу және одан сақтану шаралары тақырыбында баяндама жасалып, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.