Түркістан облысы Денсаулық сақтау басқармасына қарасты Созақ аудандық орталық ауруханасының медицина қызметкерлеріне түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының мамандары ұйымдастырған бұл шарада АИТВ инфекциясы бойынша қолданыстағы бұйрықтар таныстырылып нормативтік құжаттар талаптарына сәйкестігі қадағаланады.
❗Сонымен қатар қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, зертханалық жұмыстар бойынша да түсіндірме жұмыстары жүргізілді.