Облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының басшы орынбасары Даурен Қашаубайұлы Рыскелдиев облыстық Оңтүстік телеарнасының «Таң нұры» ақпараттық танымдық бағдарламасында қонақта болды.
Эфир барысында Даурен Қашаубайұлы орталықта жыл басынан бері атқарылған жұмыстарға тоқталып, АИТВ инфекциясы бойынша толыққанды ақпарат беріп өтті.
Сонымен қатар аталған инфекцияның алдын алу жолдарына да ерекше назар аударып, алда атқарылатын жұмыстармен бөлісті. Өз кезегінде білікті маман ретінде барлық тұрғындарды орталыққа келіп өз мәртебесін анықтауға шақырды.