Халықаралық қазақ түрік университетінің студенттеріне семинар жұмыстары жүргізілді. Шараға студент жастармен қатар түрлі сала мамандары қатысып, қоғамда қалыптасқан түрлі жағдайлар бойынша сөз өрбіді.
Атап айтқанда нашақорлық, дропперлік, есірткіге тәуелділік және олардың зардаптары жайлы ашық айтылды. Өз кезегінде облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының мамандары аталған жаман әрекеттер жастардың АИТВ инфекциясын жұқтыруына алып келетінін нақты түсіндірді.
Сонымен қатар стигма, дискриминация жайлы ақпарат беріліп, жастар өз мәртебесін анықтауға орталыққа келіп тегін медициналық көмек алуға болатыны жеткізілді.