Түркістан облысы Денсаулық сақтау басқармасының Облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес кезекті тоқсан сайынғы түсіндіру іс-шарасы өткізілді.
Жиынды мекеме басшысының орынбасары С. Сагитова жүргізді. Іс-шараға мекеме қызметкерлері мен әкімшілік жұмыскерлері қатысты.
Сонымен қатар, қызметкерлер арасында құқықтық сауаттылықты арттыру, адалдық пен ашықтық қағидаттарын қалыптастыру бағытында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

