Түркістан қаласы әкімдігінде қала әкімінің орынбасары Мадияр Әліповтың төрағалығымен кезекті үйлестіру кеңесінің отырысы өтті. Жиын басты назарды жыл басынан бергі тоғыз ай көлемінде атқарылған жұмыстарға аударып, өңірдегі эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру және АИТВ инфекциясының таралуына жол бермеу шараларын саралады. Басқосуға тиісті сала басшылары, медицина саласының мамандары қатысты.
🖇️Отырыста Облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығы басшысының орынбасары Дәурен Рыскелдиев арнайы баяндама жасады. Ол өз сөзінде есепті кезеңде атқарылған профилактикалық шаралардың қорытындысын таныстырып, халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізудің маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар, қала аумағындағы қауесет топтармен жұмыс сапасын арттыру, экспресс-тестілеу науқандарын белсенді ұйымдастыру және жастардың репродуктивті денсаулығын сақтау бағытында атқарылып жатқан іс-шараларға кеңінен шолу жасады.
🔺Кеңес соңында қаралған мәселелер бойынша нақты тапсырмалар беріліп, өзара іс-қимылды күшейту қажеттігі атап өтілді. Әкімдік өкілдері аталған инфекцияның алдын алу жұмыстарын тек медициналық мекемелердің деңгейінде ғана емес, білім беру ұйымдары мен қоғамдық орындарда да жүйелі түрде жалғастыру маңызды екенін жеткізді.