Отырар ауданы Д. Құрманбеков атындағы колледж студенттері арасында АИТВ инфекциясының алдын алу бойынша профилактикалық семинар өткізілді. Семинар барысында мамандар АИТВ инфекциясының жұғу жолдары, одан сақтану шаралары, алдын алу әдістері және уақтылы медициналық тексерілудің маңыздылығы туралы кеңінен түсіндірді.
🖇️Сонымен қатар студенттерге салауатты өмір салтын ұстану, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау жөнінде ақпарат берілді. Кездесу барысында қатысушылардың сұрақтарына жауап беріліп, тақырып аясында пікір алмасу жүргізілді.