Облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының мамандары Отырар ауданындағы Абай атындағы жалпы білім беретін мектепте профилактикалық кездесу өткізді. Шара барысында оқушыларға АИТВ инфекциясының ерекшеліктері, оның берілу жолдары, жұқтыру қаупін төмендету және одан қорғану жолдары жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Кездесу соңында тақырыпқа қатысты маңызды ақпараттар айтылып, оқушыларға АИТВ инфекциясынан сақтану жолдары бойынша пайдалы кеңестер берілді.
