Кабинет №
+7 (72533) 4-15-18
to_turkestan_aids@mail.ru
Зертхана бөлімі 2019 жылдың наурыз айынан бастап қан үлгілерін ИТФ әдісімен АИТВ антиденелерін зерттеу жұмыстарын басталды. Сол жылдың шілде айында ИФТ әдісімен Вирусты гепатит «В және С» түрлерін тексеруді жәнеде микрореакция мен ЖЖЖИ (жағынды) тексеруді қосылды. 2019 жылдың желтоқсан айында клиникалық зертханалық талдаулар яғни биохимиялық , жалпы қан талдаулары және нәжіс талдауларын зерттеуді бастады. 2020 жылы қаңтар айында иммунологиялық зертхана бөлімі ашылып ағынды цитометрия әдісімен плазмадағы Т-лимфоциттердің СД4 жасушаларын есептеу жұмыстары басталды және сол айда ИФТ әдісімен оппортунистік инфекцияларға зерттеулерді қосылды. Диагностикалық зертхана бөлімінде 4 бөлімшесі (Қабылдау, ИФТ, Клиникалық, иммунологиялық) және 21 медицина қызметкері бар. Қалылдау бөлімінде 4 медтіркеуші, ИФТ зертхана бөлімінде 1-зертхана маманы 6-зертханашы, Клиникалық зертхана бөлімінде 1-зертхана маманы 2-зертханашы және, иммунология бөлімінде 1-зертхана маманы 1-зертханашы, 2 кіші мейірбике және сапаны бақылау менеджері-1, Аға зертханашы-1 қызметкелері бар. 2020 жылдан бастап диагностикалық зертхана ақылы қызмет корсетеді.