Бүгін Түркістан облысы » Облыстық ЖИТС – тің алдын алу және онымен күресу орталығында» «Ашық есік күні» болып өтті. «Өз мәртебеңді біл» атты бастамамен өткізілген науқан барысында халыққа салауатты өмір салтын қалыптастыруға, АИТВ инфекциясының алдын алу және одан қорғану тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар ЖИТС орталығының қызметкерлері тарапынан АИТВ жұқпасына ИФА анализі және жедел тест алынып, ол адамдарға тестке дейінгі және тесттен кейінгі жүргізілетін кеңестер берілді және орталықтағы терапевт, инфекционист, психолог, эпидемиолог дәрігерлері тарапынан түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Жалпы өз денсаулығыңызға немқұрайлы қарамай жауапкершілік таныту – сіздің болашағыңыз екендігі ақиқат.

   

От admin