Түркістан облысы «Облыстық ЖИТС-тің алдын алу және онымен күресу орталығының» диагностикалық зертханасы 2019 жылдан бастап көптеген заманауи құралдармен жабдықталды. Бүгінгі таңда зертханалық диагностикалық құралдар арқылы жалпы клиникалық, биохимиялық, иммунологиялық (серологиялық) зерттеулер жүргізіледі.
2021 жылдың наурыз айында орталық заманауи автоматтандырылған анализатор құралдарымен толықты. Атап айтқанда:
— иммунохемилюминисценттік талдау жүргізетін автоматты «Abbot. Alinity і» құрал жабдығы
— Қанның биохимиялық талдауын жүргізетін автоматты «DIRUI» жабдығы
— Несеп талдауын жүргізетін жартылай автоматты «DIRUI» жабдығы
Биохимиялық зерттеу бөлімінде қан құрамын «DIRUI» аппаратында16 тәсіл арқылы зерттеледі. ИФТ/ИХЛТ аппаратында жұқпалы аурулардың барлық түрі орындалады.
Әрине бұл алдағы уақытта іске қосылған жағдайда науқастарға дұрыс диагностика жасауға және дұрыс ем жүргізуге көп көмегін тигізері сөзсіз.

От admin