Түркістан облысы ЖИТС тің алдын алу және онымен күресу орталығы Жетісай бөлімшесінің мамандарының ұйымдастыруымен Мақтаарал ауданы, Атакент кенті, «Мақтаарал «жалпы орта мектебінде Балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығы мен бірлесе отырып «Теңсіздікті жою. ЖИТС-ті тоқтату. Пандемияны аяқтау» міне осы тақырыпта акция өткізді.

Акция барысында мектептің жоғары сынып оқушылары мен мұғалімдеріне АИТВ нің алдын алу және одан сақтану шаралары жайлы айтыла келіп, жадынамалық түсіндірме парақшалар мен кітапшалар таратылды. Сонымен қатар «Әрбірін түсіну» ұранымен өткізіліп жатқан іс – шараларға да кеңінен тоқталып, олардың маңыздылығы жайлы сөз болды.

От admin