Түркістан облысы ЖИТС тің алдын алу мен онымен күресу орталығы және «DENSAULYK» денсаулық сақтау ұйымдары жұмыскерлерінің жергілікті кәсіподағы қоғамдық бірлестігі ұйымының ұйымдастыруымен облыс және қала мекемелері арасында волейболдан жолдастық кездесу болып өтті.

Биылғы жылы 2021 жылдың 15 -25 қараша аралығында Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні қарсаңында елімізде «АИТВ: әрбірін түсіну» ұранымен науқан өткізіліп жатыр. Сол науқанға үлес қосу үшін салауатты өмір салтын ұстанып, қызметкерлердің спортқа деген белсенділігін арттыру мақсатында өтілген іс – шараға бес мекемеден қызметкерлер командасы қатысып, тартысты ойын болды.

Атап айтқанда «Түркістан қалалық емханасы», «Түркістан облыстық жедел жәрдем мекемесі», «Түркістан облыстық Мәндетті әлеуметтік медициналық сақдандыру орталығы», «Түрксітан Облыстық ЖИТС тің алдын алу және онымен күресу орталығы» және «Түркістан жоғары медицина колледжінің» командалары.

Байқауға қатысушылардың жүлде қорын бөлуге қаржылай қолдау көрсеткен «DENSAULYK» денсаулық сақтау ұйымдары жұмыскерлерінің жергілікті кәсіподағы қоғамдық бірлестігі ұйымының басшысы Катбаев Сакен Арыстановичке үлкен алғысымызды білдіреміз. Өткізілген іс – шара нәтижесінде жүлделі бірінші орынды Түркістан жоғары медицина колледжінің командасы алса, екінші орын Түркістан облыстық ЖИТС тің алдын алу және онымен күресу орталығына бұйырды. Үшінші орынды Түркістан қалалық емханасы алды. Жүлдегер командалардың барлығына заттай сыйлықтар ұсынылып, басқа командаларға да номинациялы сыйлықтар табысталды.

От admin