Түркістан облыстық ЖИТС тің алдын алу және онымен күресу орталығы мамандары Қ.Пирманов пен Б.Тұрмағамбетовтің ұйымдастыруымен Сауран ауданы адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты №25 және С.Вахидов атындағы жалпы орта мектептерінде «АИТВ инфекциясының алдын алу және одан сақтану шаралары» атты тақырыпта семинар болып өтті. Сонымен қатар тағы бір қозғалған тақырып Міндетті әлеуметтік медиицналық сақтандыру жайлы да болды. Қазіргі қоғамда қалыптасқан өзекті мәселе АИТВ инфекциясының алдын алу болып тұрғандықтан, жалпы семинарға қатысушы мұғалімдер мен оқушылар өздерін толғандырып жүрген АИТВ инфекциясы деген не? Ол қалай таралады? Одан қалай қорғанса болады? осы секілді бірқатар сауалдар қойып, семинардың маңыздылығын таныта білді. Семинардың ерекшелігі бұл жерде оқушылар слаидты көрсетілім арқылы өздерінің қандай жағдайда, қалай қорғанаса болатындығын ашық меңгере алды. Семинар соңында оқушыларға жадынамалық парақшалар таратылып, онлайн сауалнама жүргізілді.

От admin