Түркістан облыстық ЖИТС тің алдын алу және онымен күресу орталығы маманы М. Кенжегуловтың ұйымдастыруымен Сауран ауданы адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты Молда Мұса, Серт мектептерінде «АИТВ инфекциясының алдын алу және одан сақтану шаралары» жайлы семинар жұмыстары жүргізілді. Семинар барысында мектеп жасындағы оқушыларға АИТВ нің алдын алу және одан сақтану шаралары жайлы мағлұматтар беріліп, одан сақтанудың профилактикалық шаралары жайлы мәліметтер берілді. Қазіргі таңда орын алып отырған АИТВ инфекциясының таралу жолдары және таралу аумағы жайлы слаидты көрсетілімдер жасалынып, оқушыларға толықтай қапарат берілді. Сонымен қатар семинар барысында оларға онлаин сауалнама жүргізіліп, берілген ақпараттың қаншалықты меңгергендігін де тексеруге мүмкіндік жасалды.

От admin