Дүниежүзілік ЖИТС-тен қайтыс болған адамдарды еске алу күні жыл сайын мамыр айының үшінші жексенбісінде атап өтіледі. Биылғы жылы бұл оқиға 15 мамырға келеді.
Дүниежүзілік еске алу күні — бұл АИТВ-инфекциясының одан әрі таралуына қарсы тұру дайындығы мен ниетін көрсетудің тағы бір мүмкіндігі. Түркістан облыстық ЖИТС тің алдын алу және онымен күресу орталығының мамандары да бұл шарадан шет қалмай осы науқанға өз үлестерін қосуда. Биылғы өткізілетін іс – шаралар «Біздің жадымызда. Біз әрекет етеміз. Біз АИТВ санынан көппіз» тақырыбында өткелі отыр. Науқан шеңберінде халық арасында, әсіресе жас ұрпақ арасында АИТВ-ның алдын алу мәселелері бойынша ақпараттық-білім беру іс-шаралары өткізілетін болады.

    Бұл іс – шараларды өткізудің  мақсаты-ЖИТС-тен қайтыс болған адамдарды еске алу, қоғамға АИТВ-ның берілу жолдары, АИТВ-инфекциясынан қорғану әдістері және ауруды дер кезінде диагностикалау туралы ақпарат беру.

Әрбір адам эпидемияға қарсы күрес ісіне өз үлесін қоса алады, уақытылы тестілеуден өтіп, өз денсаулығы мен қоршаған адамдардың денсаулығына жауапкершілікпен қарауды қалыптастыра отырып, өзін және жақындарын қорғай алады.
Аурудың алғашқы жағдайлары 1981 жылы АҚШ-та, негізінен бір-бірімен жыныстық қатынасы бар ерлер арасында табылды. Келесі жылдары ауру халықтың басқа топтарының арасында да тіркелген.
1982 жылы ЖИТС аббревиатурасының толық жазылуы енгізілді – Жұқтырылған иммун тапшылығы синдромы, АИТВ-инфекциясының соңғы сатысы.
Еске алу күні құрметіне алғашқы іс-шаралар 1993 жылы Сан-Франциско қаласында өтті. Оларды әлемнің көптеген елдері қолдады.
1985 ж. вирусты анықтауға арналған бірінші тесттің ойлап табуымен ерекшеленді және ықтимал берілу жолдары аталды.
1988 жыл 1 желтоқсан –ЖИТС – пен күрестің ресми күні болып аталды-құрылтайшылары Джеймс Бунн және Томас Неттер.
1991 жылы ЖИТС-тен қайтыс болғандарды еске алу үшін суретші Фрэнк Мур қызыл лента түрінде символ жасады, оны киімге шаншады.
Осы лентаны қолдану арқылы біз АИТВ инфекциясынан қайтыс болғандарды еске алуға ықпал жасап, адамдарға ой сала аламыз. Оның нәтижесінде адамдар бұл инфекцияның жер бетінде бар екенін және одан сақтану керек екендігін сезіне алады. Біз барлық облыс тұрғындарын өз мәртебелерін анықтау үшін Түркістан облыстық ЖИТС орталығына тексерілуге шақырамыз. Сонымен қатар қаламыздағы адамдар көп шоғырланатын орындарда орталық мамандары семинар, акция жұмыстарын жүргізіп, сол жерде тестілеу жұмыстары жүргізетін болады.

Облыстық ЖИТС тің алдын алу және онымен күресу орталығының журналист маманы , Ашимбекова Шолпан Мухамбетовна

От admin