Дүниежүзілік ЖИТС-тен қайтыс болған адамдарды еске алу күні жыл сайын мамыр айының үшінші жексенбісінде атап өтіледі. Биылғы жылы бұл оқиға 15 мамырға келіп отыр. «Біздің жадымызда. Біз әрекет етеміз. Біз АИТВ санынан көппіз» тақырыбында өтілетін іс шаралар науқаны күні кеше қаламыздағы Керуен сарай көпфункционалды туристік кешенінен бастау алды. Науқан шеңберінде халық арасында, әсіресе жастар арасында АИТВ-ның алдын алу мәселелері бойынша ақпараттық-танымдық жұмыстар жүргізілді. Керуен Сарай туристік кешені Орта Азиядағы ең ірі орталық болып табылады. Осы орайда қаламызға келуші туристер мен қала тұрғындарына АИТВ нің алдын алу және одан сақтану шаралары жайлы мәліметтер беріліп, бұл күн «Дүниежүзілік ЖИТС-тен қайтыс болған адамдарды еске алу күні» екендігі айтылды. Сонымен қатар барлық келушілерге өз мәртебелерін анықтауға мүмкіндік жасалды. Алдағы уақытта осы бағыттағы бұқаралық іс – шаралар күнделікті жалғасын табатын болады.

От admin